Ай түбіне лақтырған ақсүйегім

                                                                                                Өмірден ертерек кеткен әкем
                                                                                                Молдайыптың рухына

ЗАУАЛ

Хикаят

Сонау жылдарда Алматыда оқып, отау құрған қазақ жастарының арасында пәтер тауқыметін тартпағандар кемде-кем. Қаланың ана бұрышынан мына бұрышына көшіп, пәтерақыны апта сайын өсіретін үй иесіне жалтақтап, өздері түгілі итін де ренжітпей, ара-тұра отынын түсіріп, үй иелері кәрі-құртаң болса, күн-түн демей дәрігерін шақыртып, дәрі-дәрмегін тасып беру... о, бұл бер жағы ғана. Егер үй иесі «жынды» суға тойып алып, апалаң-топалаң шығармайтын болса, қанша жерден қазымырлық жасаса да бәріне шыдап шығуға бейілсің.

Парадокс!!! немесе ұлттық тәрбие ахуалы


Ұлыс күні қарсаңында елдің салты мен дәстүріне тән игі істерді жүзеге асыру о бастағы әдетіміз еді. Оқып, білуімізше бұл кезең, яғни, күн мен түн теңеліп, тіршілік атаулы түрлене бастаған қасиетті шақ - бұлақ көзін ашу, көше, ауланы, үйді тазалау, тал егу, араздасқан адамдардың татуласуы, жетім мен жесірге қолұшын беру сынды елдік игіліктерден, ақ тілектерден бастау алуы тиіс еді.

Тағдыр тәлкегі

                                  Хикаят


Бәкен қариямен ана бір жылдарда танысқан едім. Ентіге басып, купеге енген қарттың кеудесіндегі орден, медальдары сыңғыр-сыңғыр етіп, өзіне назар аудартты.
-          Балалардың көліктері босамай, әйтеуір үлгердім-ау, тәуба,-деді қарт ентігін басып отырғаннан кейін. – Таңның атысы, күннің батысы тірліктері бір бітпейді.

«Сарыарқа самалы» – 90



 Олар да қалам тартқан еді...
«Қызыл ту» («Сарыарқа самалы»)...  Бұл газет менің балғын шағымды есіме салады. Ол кезде  Облыстық «Қызыл ту» газеті деп аталатын. Қиыр жайлап шет қонған шопандар ауылына газетті хат тасушы айына бір рет әкелетін.
Хат тани бастаған шағым, газетті қызыға ақтарып, кейбір мақалаларды шұқшия оқып отырғанда, үйге көрші ақсақалдың енгенін аңғармай қалсам керек.

Бір күй бар... Өре!


Бұл - архаизмге (көнерген) айналып бара жатқан сөз бе деп қалам. Өренің лексикалық бір мағынасы – құрт-ірімшік жаятын зат та, екіншісі адамның ақыл-ой деңгейі, яғни адамды адам ететін ингредиент. Деңгей, өре дегеннің мағынасы кең, жауабы көп.